16 Қаңтар, 2017

"Астана-Алматы" қосымша пойызы шығарылады

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26 қаңтардан бастап қосымша №152/151 "Астана-Алматы" жүрдек пойызы шығарылады, деп хабарлайды BNews.kz.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлауынша, халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында осындай жаңа рейс ашылып отыр. Пойыз құрамы 10 жаңа вагоннан тұрады. 26 қаңтардан бастап күнара қатынамақ. Астанадан шығу уақыты 17:50 болса, Алматыдан сағат 14:08-де аттанады. Қосымша дерек алушы үшін темір жол вокзалдарының анықтама қызметіне хабарласуға болады.