16 Қаңтар, 2017

Психолог: Головкиннің жанары от шашып тұр

476 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
GGG-jackobs-1-1 Боксшы қарсыласымен көзқарас дуэлін өткізген кезде не туралы ойлайтынын, қандай күйде болатыны жанкүйерлерді қызықтырмай қоймасы анық. Геннадий Головкин мен Дэнниэл Джейкобс арасында өткен дуэльге психолог Ирина Новак өз пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Тәжірибелі маман қос спортшының кейпіне бағасын берді. Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) – орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы. GGG 1 Эмоционалды. Қозғалысы көп. Жанары от шашып тұр. Бұл шынайылықты әрі қажет кезде тиісті шешім қабылдай білетінін білдіреді. Реакциясының жылдамдығы, соққыларға тойтарыс беруі оның басым әдісінің бірі болуы мүмкін. Табиғи күштің арқасында осындай басымдыққа ие болып отыр. Ол сондай-ақ, қарапайым балақайдан салқынқанды боксшының образына бірден еніп кете алады Дэнниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) – орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері. jackobs Эмоциясын білдірмейді. Бойындағы көңіл-күйіне ерік бермейді. Мінезі салмақты, салқынқанды, демек өз ісіне тұрақты. Көпшілік біле бермейтін күшке, шыдамдылыққа ие. Ұзақ айқаста қажетті нәтижеге жетуге мүмкіндігі зор. Үлкен жекпе-жектерге әрдайым дайын. Сыртқы келбеті қаншалықты түзу болса, қарсыласына лайықты соққылар береді. Дегенмен, Головкин сияқты боксшылар оны бірбеткей етуі мүмкін. Қос боксшының дуэліне талдама Соңғы қол алысу – ерекше сәт. Головкин қарсыласының уысына түсіп қалған сияқты. Бұл айқаста Дэнниге есе жібергендей. GGG-ды өзіне тартып, қарсылық танытқанмен, келесі секундтарда тиісті деңгейде қол алысты. Қорытындылай келе америкалық бойындағы ерік-жігерін қажетті кезде көрсете алатынын дәлелдеді. Айта кетейік, қос спортшының арасындағы көзқарастар дуэлі Нью-Йоркте ұйымдастырылған бірлескен баспасөз мәслихатында өтті. Ал жекпе-жек 18 наурызда Madison Square Garden аренасында өтеді.