Жамбыл облысы аудандарындағы ауа райының күрт нашарлауы автокөлік қозғалысының шектелуіне соқтырды және қар құрсауынан адамдарды құтқаруға тура келді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Кеше Шу ауданында Шоқпар ауылынан 10 шақырым жердегі автожол бөлігінде апатты-құтқару жұмыстары жүргізілді. Облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және жергілікті атқару органдары күштері Шоқпар ауылында 34 адам мен 6 жеңіл автокөлікті қар құрсауынан шығарды. Оған 8 адам мен 4 техника жұмылдырылды», – деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Одан бөлек, 14 қаңтар күні ауа райы жағдайының нашарлауымен (бұрқасын, көріністің нашарлауы) Алматы - Ташкент автожолының 157-240 шақырымы («Қордай» асуының айналма жолы) барлық автокөлік түрлері үшін жабылды. 15 қаңтар күні 13:00-де аталған жол бөлігінде үлкен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
• 16 Қаңтар, 2017
Жамбыл облысында ондаған адам қар құрсауынан құтқарылды

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Бүгін, 09:40
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:15
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше