17 Қаңтар, 2017

Бейбіт ұстаным биігі

444 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ыбыраев Қ.Б.-Қ.Р прокуратурасының үздік қызметкері.1111Ядролық қарудан ең көп зардап шеккен қазақ халқы екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммитте мәлімдегенін ұмыта қойған жоқпыз. Мұхиттың арғы жағында жарияланған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде айтылғандай, осыдан ширек ғасыр бұрын әлемде алғашқы болып Семей ядролық сынақ поли­гонының біржолата жабы­луын төрткүл дүние жұрт­шы­лығы бей­бітқатар өмір сүру­ге ба­ғыт­талған тарихи қадам, маң­ызды ше­шім ретінде қабыл­дағаны даусыз. Бүгінде барша адамзат алдын­да тұрған халықаралық терро­ризм, аймақтық әскери қақты­ғыстар, саяси жанжалдар, этнос­тық текетірестер, талас-тартыс­тар, өлім себетін, ажал құшты­ратын жаңа қарулар ойлап табу сияқты жаңа қатерлердің ықтимал қауіптілігін ескерсек, Президент атап көрсеткендей, «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты кең ауқымды бағ­дар­ламаның қажеттілігін тіпті сезінгендей бола­мыз. Қазіргідей әлем­дік саяси ахуалды ой тара­зысына өткізсек, олар­дың соңы еңсеруге кел­мейтін адам айтқысыз алапаттарға ұласып кетуі ғажап емес. Бұл ретте Қазақстанның ұста­нымы айқын. Ол – ұлттық соғыстар мен жанжалдардың вирусын жою жөніндегі үйлесімді де жа­уапты іс-әрекеттер шараларын дәйектілікпен жүргізу, ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын қарудан толықтай азат әлемге қарай бет бұру. Мемлекет басшысының ядролық қауіп­сіздік жөніндегі жаһандық саммитте алға тартылған дәйекті ұсыныс-ойлары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне арналған Саяси үндеуде одан әрі жалғасын тауып, бейбітшілік ұстанымды қалыптастырудың, қамтамасыз етудің жолдары айқын көрініс тапқан. Иә, биылғы жыл елі­міз үшін ерекше­лік­­терге толы болары сөз­сіз. Со­ның біріне 2017-2018 жы­лдар кезеңі­не БҰҰ Қауіп­сіздік Ке­ңесінің тұрақты емес мүшесі ре­тінде өкілет­тілігіне кірісуін айтуға бола­ды. БҰҰ-ның барлық мүшелерінің Қазақ­станға қолдау көрсетуі еліміздің халық­аралық қоғам­дастық алдындағы биік беделін айғақ­таса керек. Мұндай сенім жоғары жауап­кершілік жүктеумен қатар, ха­лық­аралық нормалар мен қағидаттарға сәй­­кес­­тендірілген батыл ұсыныстар мен бас­­та­ма­лардың өрісін кеңейте түсері анық. Елбасы Саяси үндеуінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатын басты нысана ете отырып, алдағы кезеңде атқарылатын бірқатар басымдықтарды атап көрсетті. Олардың қай-қайсысы болсын өте маңызды. Бұл орайда, жаһандық және өңірлік деңгейдегі әскери текетірестер мен халықаралық терроризм және зорлық-зомбылық экстремизмі ерекше белең алып тұрғаны адамзатты қатты алаңдататынын баса айтқан жөн. Соғыс пен жанжалдардың алдын алу, адам құқықтарын қорғау, орнықты даму мақсаттарын іске асыру, климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері де бірлесіп, ақылдасып шешкенде ғана өз нәтижесін берері сөзсіз. Адамдардың алаңсыз өмір сүруінің бірден-бір кепілі – ядролық қаруларды таратпау, оның арсеналын қысқарту туралы шарт-міндеттемелердің мүлтіксіз орындалуы, «қырғи-қабақ соғысқа» жол бермеу, милитаризмді ауыздықтау. Осы орайда, адамзаттың озық ойлы өкілдерінің қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайтынын түсінетін мезгіл жетті. Қонысбек ЫБЫРАЕВ, Қазақстан Республикасы прокуратурасының үздік қызметкері Солтүстік Қазақстан облысы