17 Қаңтар, 2017

Халықаралық валюта қоры мұнай бағасын 51,2 долларға дейін көтерді

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2017 жылғы мұнай бағаларына болжамын барреліне 0,6 долларға, яғни 51,2 долларға дейін көтерді. Мұны World Economic Outlook әлемдік экономика қорының жаңартылған болжамынан көруге болады, деп жазды Росбалт. Келер жылы қор мұнайдың орташа бағасы барреліне $53 болады деп күтілуде. Қазан айында ХВҚ мұнайға деген болжамдарын едәуір көтерді: 2016 жылы барреліне $7-ға, яғни $42,96-ға дейін, 2017 жылы - барреліне $9-ға, яғни $50,64-ға дейін. Қор болжамдарының кезекті түзетілуін «ОПЕК және өзге ірі өндірушілер арасындағы мұнай өндірісін азайту келісімінен кейінгі мұнайдың қымбаттауымен және 2017 жылы «қара алтынның» басты тұтынушысы Қытай экономикасының өсуімен» түсіндірді.