17 Қаңтар, 2017

Универсиада кезінде қалалық инженерлік желілерге бақылау күшейтіледі

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

DJI_0061-min

Алматыда Универсиада-2017 қарсаңында жылыту маусымын өткізу жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтіп, онда қаланың барлық инженерлік желілері жұмысына бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды, деп жазды Универсиаданың баспасөз қызметі.

Бекітіліген кешенді жоспарға сай Универсиада-2017 обьектілері қосылған инженерлік желілердің жылуды, электрэнергиясын үздіксіз беруін және басқа да коммуналдық қызметті 200 арнайы техника бірлігі берілген құрамында 380 инженер-техник қызметкерлері бар арнайы 60 апатты-жөндеу бригадалары қамтамасыз ететін болады. Универсиаданың әрбір нысанына бекітілген қала коммуналды қызметтерінің бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары, сонымен қатар ЭКШБ-ның басшылығы мен мамандары бөлінген күш пен түрлі қондырғылардың барынша тиімді жұмыс істеуін қадағалайды. Универсиада-2017 нысандарын жылумен, сумен, электрэнергиясымен және басқа да коммуналдық қызметпен толық қамту ісіне тәулігіне бірнеше рет мониторинг жүргізіледі.