АЗ, «Аякс», «Барселона», «Бавария», «Манчестер Юнайтед» футбол командаларының бұрынғы жаттықтырушысы голландиялық Луи Ван Гал бапкерлік мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
«Өткен жылы бапкерлік қызметтен мәңгіге кетемін деп ойлағанмын, алайда аздаған үзіліс алуды жөн көрдім. Бірақ енді бұрынғы жұмысыма қайта келмейтін сияқтымын. Соңғы күндері отбасымда біраз өзгерістер болды. Бұл маған бір белгі болып тұр», – деді Ван Гал.
Ол соңғы рет жаттықтырған «Манчестер Юнайтед» клубынан 2016 жылдың мамыр айында кеткен. Бүгінге дейін оған Қытайдан жалақысы 50 миллион еуро болатын ұсыныс түскен.
Бапкерлік мансабында ол төрт рет Голландия чемпионатында топ жарса («Аякс», АЗ), бір мәрте Голландия Кубогында жеңіп алған. Испания біріншілігінде екі дүркін чемпион атанып, бір мәрте Испания Кубогын алған («Барселона»), сондай-ақ «Бавариямен» бір реттен Бундеслиганы және Германия Кубогын ұтып алды. Ал соңғы клубы «Манчестер Юнайтедпен» Англия Кубогында жеңіс тұғырынан көрінді.
Халықаралық турнирлерде де біраз жетістіктерге жеткен. «Аякспен» Чемпиондар лигасын, УЕФА Кубогын, УЕФА Суперкубогын, Құрлықаралық Кубокты жеңіп алды. Ал «Барселонамен» УЕФА Суперкубогына қол жеткізді.
• 17 Қаңтар, 2017
«Барселонаның» бұрынғы жаттықтырушысы бапкерлік мансабын аяқтады

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Бүгін, 09:40
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:15
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше