17 Қаңтар, 2017

Универсиадада спорттың 12 түрінен 86 медаль сарапқа салынады

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда өтетін Универсиадада спорттың 12 түрі бойынша 86 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. Бұл ретте медальдар жиынтығының ең көбі коньки жарысында (14 жиынтық), шаңғы жарысында (11) және шорт-тректе (8) тігіледі. «ҚР спортшыларының сапалы дайындығын үлестіру мақсатында және спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыру және өтізуді бақылау үшін Республикалық штаб құрылды. Бүгінгі күні штаб Алматы қаласында қарқынды жұмыс істеуде», - деді Мұхамедиұлы. Сонымен қатар халықаралық спорт додасына әлемнің 59 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. «Студенттер арасындағы әлемнің ең ауқымды спорттық іс-шарасын өз елімізде қабылдауға 12 күн қалды. Аталған жарыс медальдарына ие болу - әр студенттің басты арманы, мемлекеттің саяси және экономикалық жағынан мықты әрі қарқынды дамуының белгісі. Студенттік құрама команданың алдағы ойындарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету министрлік жұмысының басты бағыты саналады», - деп атап өтті Алматыда өтетін студенттер арасындағы қысқы Универсиада ойындарына дайындық барысы туралы баяндаған министр.