17 Қаңтар, 2017

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан 12 Универсиадаға қатысқан

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017-01-17 11_08_45-Қазақстандық спортшылар алдағы Универсиада-2017-ге әзірліктің соңғы кезеңін өтуд Алматыда өтетін алдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға Қазақстанның құрама командасынан жарыстар бағдарламасына енген спорттың барлық түрлері бойынша 168 спортшы қатысатын болады. Бұл туралы аталған шараға әзірлік барысына арналған ҚР Үкіметі отырысында белгілі болды.   Оқу-жаттығу үрдісінің кестесіне сәйкес, құрама командалар медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі. Универсиада кезінде Қазақстанның құрама командасына Республикалық спорт медицинасы мен оңалту орталығының 12 маманы және қосымша қысқы спорт түрлері бойынша республикалық федерациялардың мамандары қызмет көрсететін болады. Айта кету керек, Қазақстан он екі Бүкіләлемдік Универсиадаға қатысқан, онда 44 медальге ие болған, олардың 18 алтын, 13 күміс, 13 қола. Қазақстанның Бүкіләлемдік студенттік ойындарға қатысуының ең үздік жетістігі 2015 жылы Словакия мен Испанияда түрлі құндылығы бойынша 11 медаль алуы, оның 5 алтын, 6 күміс. Осылайша Қазақстан командасы үшінші орынға көтерілді. Естеріңізге сала кетсек, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдағы жарыстарға әлемнің 59 елінен 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Барлығы 12 спорт түрі бойынша 86 медальдар жиынтығы ойнатылады.