Қазақстанда 2016 жылы инвесторлармен жұмыс қорытындылары бойынша 6 жаңа жоба пайдалануға енгізілген, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Маңызды жобалардың ішінен премиум класына жататын лак-бояу материалдары бөлігіндегі қазақстандық нарық көшбасшысы «Tikkurila» фин компаниясын атап өтуге болады.
Тағы бір маңызды жобалардың бірі - «GALAKSI GROUP» бірлесіп, «AKPEN PLASTIK» түрік компаниясының құны 5 млн долларды, қуаттылығы жылына 3 мың тоннадан астам дайын өнімді құрайтын, Алматы облысында металл қорытпалары мен алюминийден терезе және есік құралдарын шығаратын зауытының іске қосылуы.
«Keruen Plus» түрік компаниясы қолданыстағы өндірісті кеңейтуге 500 мың доллар қайта инвестициялап, полипропилен құбырлар шығаратын жаңа желіні іске қосты. Қуаттылығы жылына 9 мыңнан 10 мың тонна өнімге дейін артқан.
«Польфарма» Қазақстанда бұрыннан бері және сәтті жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ ол Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарықтарында дәрілік препараттар мен белсенді фармацевтикалық заттарды өндірушілер арасында көшбасшы болып табылады.
«Eczacibası Holding» түрік компаниясының санитариялық-гигиеналық бағыттағы қағаз өнімін өндіру зауыты іске қосылды, жобаның құны 14 млн доллар, қуаттылығы 23 мың тонна қағаз өнімі.
Әлемдегі ең ірі «BASF» концерні Астана қаласындағы қолданыстағы зауыттағы эпоксидті өндірісті іске қосуға қайта инвестициялады.
KAZNEX INVEST деректері бойынша 2016 жылы келесі әлеуетті инвесторлармен өзара түсіністік туралы 30 меморандумға қол қойылды.