17 Қаңтар, 2017

«Сарыарқа» өз айдынында «Торос» командасын жеңді (видео)

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
saryarqa Жоғарғы хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Қарағандының «Сарыарқасы»  Нефтекамскінің «Торос» командасын қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы кезеңді қонақтар өте ширақ бастады. 8-минутта Егор Дубровский есеп ашса, 15-минутта дубль иесі атанды. Кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Евгений Орлов «Сарыарқаның» бірінші шайбасын соқты. Екінші 20 минутта бас жаттықтырушы Вадим Епанчинцевтен жаңа нұсқаулар алған айдын иелері бірден шабуылға ұмтылды. Нәтижесінде 34-минутта Исаак Валицкий таразы басын теңестірсе, Евгений Орлов мергендігімен танылып, қарағандылықтарды алға шығарды. Үшінші кезеңде де айдын иелері осы әдістерінен жаңылған жоқ. 46-минутта Павел Копытин матчтың соңғы нүктесін қойды. Қарағандылық команда келесі кездесуін 20 қаңтар күні Воскресенскінің «Химик» ұжымымен өткізеді.