17 Қаңтар, 2017

Қостанайда полицейлер шаңғы жорығына шықты

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed (2) Қостанайда 100 полицей дәстүрлі шаңғы жорығына шықты. «Динамо» спорт базасында жасалған қолайлы жағдайдың арқасында шаңғы полицейлер үшін көңіл қалаған іске, демалысқа айналған. «Полицейлер апта сайын осылай шаңғы жорығына шығып тұрады. Бұл олардың шынығуына, дене бітімін қалыпты ұстауына ықпал етеді. Сонымен қатар  біздің өңірде шаңғы қысқы спорттың ең көп тараған түрі, оны дамытуға да үлес қосамыз», деді облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов. Облыстың бас полицейі Бекет Иманұлы өзі де шаңғышылар сапынан көрініп, әріптестеріне шаңғы спортының қыр-сырын танытты, үздік көрсеткіш көрсетті. Шаңғы жарысында полиция қызметкері Мейрам Шегебаев, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының  аға жедел уәкілі Лев Квасенко және полиция майоры Гүлжан Көпжасарова жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға кубок пен мақтау қағаздары табыс етілді. Облыста шаңғыдан 30 полицей спорт шебері дәрежесін орындады. Динамошылар қатарында қысқы спорт түрінен бес полицей спорт шебері болса, соның бірі  халықаралық спорт шебері класы қатарында. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан».  
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20