17 Қаңтар, 2017

СҚО-да 2016 жылы қылмыс саны 18,9%-ға төмендеді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылдың нәтижесi бойынша қоғамдық орындардағы қылмыстар 18,9%-ға, көшелерде 26,5 %-ға, кәмелеттiк жасқа толмағандардың жасаған қылмыстары 16,1%-ға, мас күйiнде жасалған қылмыс 3%-ға төмендеген. ұл мәселе бойынша жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы Қанат Айтбаев аппараттық кеңесте хабардар еттi, деп жазады strategy2050.kz. Ол айтып өткендей,  есептi кезең iшiнде жолда жүру ережесiнiң 88 812 бұзу әрекеттерi анықталды. Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов әкiмшiлiк айыппұлдарды төлету бойынша жұмысты күшейтудi тапсырды. «Жалпы көрсеткiштер жақсы. Бiр жылы iшiнде барлық бағыттар бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткiздiк. Қажеттi қолдауды көрсетiп жүрмiз, сондықтан оны тиiмдi пайдалану қажет», — деп атап өттi облыс әкiмi. Жиын барысында «Б корпусының» әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлерiнiң кешендi аттестациясын өткiзу мәселесi қарастырылды. Бұл мәселе жайында Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлiмдедi. Мекеме басшысы аттестацияны өткiзу мерзiмдерi мен өткiзу тәртiбi туралы хабарлап, бұл емтиханнан босатылатын қызметкерлер санатын атап өттi. Сондай-ақ, аппараттық кеңес барысында қатысушылары азаматтардың тiркеу мәселесi бойынша заңнама нормаларын түсiндiру жұмыстарын талқылады. Бұл мәселе бойынша көшi-қон полиция басқармасының басшысы Еркетай Тұтқышев баяндады. Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында адамдардың көп жиналмауы мен қарбаластықты болдырмау үшiн шаралар қолданылды. Жалпы жыл басынан тiркеу орнынан 5070 адам, оның iшiнде тұрақты тұрғылықты жерi бойынша 2900, уақытша мекендеу бойынша 2170 адам тiркелген.