17 Қаңтар, 2017

Юлия Путинцева Australian Open турнирін жеңіспен бастады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
putinceva Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Мульбурн қаласында өтіп жатқан теннистен Австралия ашық чемпионатын (Australian Open) жеңіспен бастады. Турнир ұйымдастырушыларынан 31-ші нөмірді алған Путинцева бірінші айналымда испаниялық Лара Арруабаррена-Весиномен кездесті. Бас-аяғы 2 сағат 47 минутқа созылған матч 7:6 (9:7), 7:6 (12:10) есебімен аяқталды. Жарыстың келесі айналымында ол қытайлық Чжу Линьді екі сетте 6:4, 6:0 есебімен ұтқан латвиялық Елена Остапенкоға қарсы кортқа шығады. Ал тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин турнирдің бірінші айналымында америкалық Фрэнсис Тиафодан төрт сетте 1:6, 7:6, 3:6, 2:6 есебімен жеңілді. Сонымен қатар, Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева да қарсыластарына есе жіберді. Ал Қазақстан атынан шыққан Александр Бублик оңтүстіккореялық Дака Хи Лиді үш сетте 4:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.