17 Қаңтар, 2017

Универсиадаға БАҚ өкілдерін тіркеу рәсімі толық аяқталды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Универсиадаға БАҚ өкілдерін тіркеу рәсімі толық аяқталды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты. «Баршаңызға мәлім, 25 қаңтарда елордада Универсиада алауы жағылады. Министрлік бұл шараны жұртшылық назарына кеңінен ұсынуды жоспарлауда. Оған «Қазақстан» және «Хабардың» Астана мен Алматыдағы және облыстардағы барлық техникалық ресурстары тартылатын болады», - деді Абаев. Сонымен қатар министр Универсиаданы ақпараттық қолдау жұмыстарына тоқталды. «Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Универсиаданы ақпараттық тұрғыдан қолдау жұмыстарын арнайы медиа жоспарға сай жалғастыруда. Жоспар аясында еліміздің барлық мемлекеттік ақпарат құралдарында аталған шараға қатысты материалдар жүйелі түрде жарық көруде»,- деді ол. Министрдің айтуынша, бұл жұмыстармен республикалық телерадиолар, газет-журналдар мен интернет ресурстар және тұтас өңірлік масс-медиа қамтылып отыр. Естеріңізге сала кетсек, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматы қаласында өтеді.