17 Қаңтар, 2017

Универсиада кезінде 40 санитарлық автокөлік кезекшілік жасайды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада кезінде жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер ағылшын тілін жетік біледі. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты. «Универсиаданы өткізу аясында министрлік Алматы қаласының әкімшілігімен бірлесіп, қатысушыларға шара барысында және тоқтаған орнында уақытында және сапалы медициналық көмек көрсету мәселесін пысықтады. Жалпы медициналық көмек көрсету стационарлық түрде, жедел жәрдем түрінде көрсетіледі. Сонымен қатар медициналық пункт қызметтері ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда қажетті даярлық толық аяқталды десек болады»,- деді министр. Дүйсенованың айтуынша, қажетті медициналық құрал-жабдықпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген кезекші жедел медициналық көмек бригадасы барлық 9 спорт нысанында да жұмыс істейтін болады. 215 жедел жәрдем көлігі шұғыл, дереу және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын тұрады. Мұнан бөлек, 40 санитарлық автокөлік спорттық және спорттық емес нысандарда кезекшілік жасайды. «№4 және №7 қалалық клиникалық ауруханалардың базасында тікұшақ қонатын алаңдар салынды. Бұл қажет болған жағдайда пациентті дер уақытында жеткізіп, арнайы мамандандырылған көмек көрсетуге септігін тигізеді. 149 медицина қызметкері, оның ішінде Германия мамандары тартылған базада оқытылған құқару қызметінің 11 дәрігері жұмыс істейді. Жедел медициналық көмекке жұмылдырылған мамандардың барлығы да ағылшын тілін білін біледі», - деді ол.