17 Қаңтар, 2017

Джейкобс: Ауыр дертке шалдықпағанымда Головкинмен ертерек жұдырықтасар едім

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
jackobs Орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэнниэл Джейкобс ісік ауруына шалдыққаны және Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі жайлы өз ойымен бөлісті. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Ісік ауруы болмаса, Головкинмен ертерек жұдырықтасар едім. Көз алдамнан көптеген жайлар өтті. Бірақ ауырдым деп жатып қалмай, кемшіліктерімнің орнын толтыруды ойладым. Көп ұзамай, ауыр дертімнен жазылдым. Көпшілікке қандай жағдай болмасын жеңіске жете алатынымды дәлелдегім келді. Мен панчер боксшымын. Бұл жекпе-жекте жеңіске жетемін деген үмітім бар», – деді Дэнни. «Келл Брукпен өткен айқаста Головкиннің осал тұстарын көрдім. Оған дейін де бұл кемшіліктерін байқағанмын», – деді Джейкобс. Айта кетейік, америкалық былғары қолғап шебері 2011 жылдың мамыр айында қатерлі ауруға шалдыққаны туралы «New York Daily News» басылымы хабарлаған. Дәрігерлер оған остеосаркома (сүйек ісігінің түрі) деген диагноз қойыпты. Осыған байланысты аяғын баса алмай қалған кездері болған. Жұлынына тоғыз сағатқа жуық ота жасалып, түрлі химиятерапиядан, физиотерапиядан өтті. Ақ халаттылар оның бокспен шұғылдана алатынына күмәнмен қараған. Алайда, болашағына тек үмітпен қараған ол 2012 жылы рингке қайтар оралды.