17 Қаңтар, 2017

Мәскеуге қымыз экспортталады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
444 Еліміздің кәсіпорындары жылқының құрғақ сүтін Мәскеуге экспорттайды, деп хабарлайды palata.kz. Басты экспортшы «Евразия инвест» ЖШС алғашқы тауарды ақпан айында жеткізуді жоспарлап отыр. Бастапқыда Ресей астанасына ай сайын жарты тонна құрғақ қымыз жеткізілсе, жыл аяғына таман бұл көрсеткішті 1 тоннаға дейін жету көзделген. Кәсіпорын директорының орынбасары Ғалымжан Мейрамбеков айтуынша, қымызды Қытай мен Еуропаға экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. «Қытайда бірнеше компания қызығушылық танытып отыр, алайда бізді сертификация тұсап тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге бұл бағыттағы жұмыстарды атқарып жатырмыз. Ал Еуропада осы тектес құрғақ сүт өнімін 30-ға тарта компания шығарады, яғни осында нарық дайын тұр. Біз Германиядағы зертханаға өнімді тексерткен едік, кейбір көрсеткіштер бойынша еліміздің сүті еуропалық өнімнен асып түсті. Өйткені, біздің жылқылар жайылымға шығарылып, құнарлы шөппен қоректенеді», – дейді Ғалымжан Мейрамбеков. Оның сөзінше, еуропалықтар жылқы сүтін косметика саласында кеңінен пайдаланып келеді. Осыған байланысты, кәсіпорын косметика өндіруді де жоспарлап отыр. 2014 жылы Қарағанды облысының Осакаров ауданында жалпы құны 800 млн теңгеден асатын, бие сүтінен құрғақ ұнтақ жасау өндірісінің жобасын жүзеге асыру басталған еді. «Евразия Инвест Ltd» ЖШС-нің жобасы ішінара «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның несиелік желісімен қаржыландырылды.
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20