17 Қаңтар, 2017

Елорда тұрғындары жаңа комедияны тамашалайды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры елорда тұрғындарына Рэй Кунидің комедиясының «Смешные деньги» қойылымын ұсынады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қатардағы кеңсе қызметкері өз туған күнінде ақшаға толы сөмкені тауып алып, үйіне алып келеді. Арты қиын болатынын сезген ол, қашыып кетпек болады. Алайда, жұбайы үйіне қонақ шақырып қойған, оның үстіне, полиция инспекторлары да келіп қалды. Қойылым премьерасы 2017 жылдың 20 қаңтар күні, сағат 19:00-де өтеді.