17 Қаңтар, 2017

Қазақстанда жылына 250-ден астам кинокартина түсіріледі

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ресми статистикаға сәйкес, елде қызмет ететін 35 киноөндіріс ұйымы жылына 250-ден астам кинокартина түсiредi, оның ішінде телевизиялық және жеке жобалар да бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Министрдiң айтуынша, жалпы кинопрокат көлеміндегі отандық фильмдердің үлесі бүгiнде 6%-ды құрайды. «Кинокөрсетілімді 93 кинотеатр, 247 кинозал және 368 жылжымалы және стационарлы киноқондырғылар қамтамасыз етеді. Кинотеатрларда жиналатын қаржының жалпы сомасы 10 миллиард теңгені құраса, оның 7%-дан астамы қазақстандық фильмдерге тиесiлi», - дедi ол. Сонымен қатар министр соңғы үш жылда 100-ге жуық ұлттық фильм түсiрiлгенін айтты. Қазiргi уақытта 40-тан астам кино түсiрiлiп жатыр «2014 жылдан бастап министрлік мәдени саясат тұжырымдамасын іске асырып жатыр. Оның негізгі басымдықтарының бірі – бұл киноиндустрия кластерінің дамуы, шығармашылық бастамаларды қолдауға жағдай жасау, киноөндірістің жаңа инновациялық формаларын енгізу», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Оның айтуынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 2015-2020 жылдарға арналған кешендi жоспар бекiтiлдi. Оның аясындағы кино және тележобалар елiмiздiң көне заманнан бергi тарихын, қазақ мәдениетi, елдiң қазiргi өмiрi, тарихи тұлғалар мен бүгiнгi күннiң батырлары туралы паш етедi», - дедi Арыстанбек Мұхамедиұлы.