Салықтық түсімдердің ұлғаюы мұнайлы қалаларда, яғни Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалады. Бұл қалалардағы салықтық түсім тиісінше 24%; 25% және 14%-ға көбейген. Бұл өңірлердегі жеке тұлғалардың төлеген салығы жалпы көлемнің 9 пайызын ғана құрайды, деп жазады
ranking.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысы салық түсімдерінің ұлғаю қарқыны бойынша алғашқы үштікке кіреді. Бұл өңірдегі төленген салық былтырғымен салыстырғанда 19%-ға артып, қаңтар-қараша айларында 3,2 млрд теңгені құрады.
Алматы агломерациясы жобасы облыстың дамуына ерекше қарқын берген. Бір жыл ішінде облыстың салықтық түсімі 17% көбейіп, 3,4 млрд теңгеге жетті. Ал Алматы қаласындағы өсім 8% ұлғайып, бір жыл ішінде төленген салық 10,9 млрд теңгені құрады. Алматы облысы мен қаласында жеке тұлғалардың төлеген салығы жалпы көлемнің 34% құрайды.
Меншік салығы көлемі бойынша екінші орында Астана қаласы (5,4 млрд теңге). Елорданың жылдық өсімі 11%.
16 облыстың ішінде тек Шығыс Қазақстан облысы (-2%) ғана минусқа кеткен.