Америкалық боксшы Дэнниэл Джейкобстың бапкері Андре Розье шәкіртінің ісік ауруына шалдыққаны жөнінде айтып берді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Дэннидің ауырып жүрген кездегі түрін көрсеңіздер. Бейне бір жаны жоқ адам сияқты немесе жұрттың айтып жүрген қорқынышты Франкштейні ме деп қалар едіңіздер. Химиятерапиядан шыққаннан кейін 225 фунтқа дейін толып кетті», – дейді Розье.
«Дәл мұндай қауіпті дертке шалдыққандардың жазылып кетуі екіталай. Әлі күнге дейін көз алдымнан оның аурухана төсегіне таңылып жатқаны кетпейді. Туған ұлымнан айырылардай күйде жүрдім. Бірақ ол жазылып кететініне сеніммен қарап, жақсылықтан үміттенумен болды», – деді жаттықтырушысы.
«Әдеттегідей жаттығу залына келгенімде шәкірттерімнің бірі Дэннидің келгенін айтты. Таңырқағанымды жасыра алмай, «Қай Дэнни?» деп сұраппын. Мен жоқта келіп, аздаған дайындық жасапты», – деді Андре.
Ал Джейкобс ауруханадан жазылып шығып, жаттығуға қайта оралғанын былайша айтып берді: «Қатерлі дерттен жазылып келіп, алғаш рет спарринг өткізгенмін. Сол кезде тіпті, салмағы небәрі 140 фунт болатын Шэмуэль Пэйганның соққылары менен ауыр көрінді. Сол күннен кейін боксқа қайта оралғаным дұрыс па деген де ойда қалдым. Бірақ нағыз жекпе-жекте жеңіске жеткенімде шаршы алаңға не үшін оралмаймын деп өзіме жігер бердім», – деді ол.
Андре Розье өз шәкіртінің дәл осы мінезі Головкиннің бұрынғы қарсыластарынан ерекшеленетінін айтты.
«Головкиннің бұған дейінгі қарсыластарының бәрі рингке шықпай-ақ психологиялық тұрғыдан жеңіліп жатады. Бірақ Джейкобстан ондай әлсіздікті күтпей-ақ қойыңыздар», – деді бапкері.
• 17 Қаңтар, 2017
Розье: Головкиннің бұрынғы қарсыластары рингке шықпай жатып жеңілетін

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Бүгін, 09:40
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 09:15
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • Кеше
Ата заң • Кеше
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Кеше
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • Кеше