17 Қаңтар, 2017

Отандық кинематографты қорғау керек - Рүстем Әбдіраш

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Отандық кинематографты қорғау керек. Себебі америкалық фильмдердің, сондай-ақ көрші елдердің киноэкспансиясы қатты. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің режиссері Рүстем Әбдіраш мәлімдеді. "Басқа мемлекеттер оған төтеп беріп, заңды түрде өз нарығын қорғап отыр. Бізге де өз мүддемізді, өз тарихымызды, өз мәдениетіміз бен тілімізді қорғайтын уақыт келді", деді режиссер. Оның ойынша, кинотеатрларда отандық фильмдерді көрсету уақытын заңмен бекітіп қойған дұрыс. Әйтпесе, бүгінде ондай жерлерде қазақтың киносын ыңғайсыз уақытқа қойып отырады екен. «Ондай проблема бұрыннан бері бар. Маған да Ақтау, Атырау, Ақтөбе жақтан осы мәселе бойынша хабарласқандар болды. Біз дистрибьюторға қоңырау шалдық. Бірақ олардың айтуынша, фильмнің уақытын кинотеатрлардың өздері қояды. Бұл мәселе заңмен реттелмеген. Бір ғана талап бар, бес адам билет сатып алса, олар міндетті түрде сол киносеансқа кіруі тиіс. Бірақ уақытын кинотеатр белгілейді. Дегенмен, дәл осы проблеманы заңмен бекітіп алған жөн. Сол кезде кинотеатрлардан фильмнің уақытын талап етуге болады", дейді Рүстем Әбдіраш.