17 Қаңтар, 2017

Универсиададан Алматы бюджетіне 1 млн еуро түседі

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
universiade Атлетикалық ауылда тұруы үшін қысқы Универсиадаға қатысатын елдерден Алматы бюджетіне бір миллион еуро пайда түседі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек Үкіметтің селектрлік отырысында мәлімдеді. «Қазір жарысқа қатысатын 60 елдің 57-сі аккредитациядан өтті. Бүгінге дейін қысқы Универсиадаға дәл мұнша ел қатысқан емес. 45 мемлекет визасыз режіммен, ал 12 ел визаның жеңілдетілген түрімен қамтамасыз етіледі. Атлетикалық ауылда тұрғаны үшін Алматы бюджетіне 1 миллион еуро түседі», – деді әкім. Қатысушы елдердің делегациялардың алғашқысы 23 қаңтарда келеді. Олар – Канада мен Қазақстан командалары. Ал басым бөлігі, яғни 24 елден 700-ден астам атлет 26 қаңтарда келеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Ресейден 350 адам, Қытайдан 220 адам, Жапониядан 158 адам, Кореядан 158 адам, Чехидан 158 адам, Канададан 122 адам және АҚШ-тан 114 адам келеді. Делегация құрамында Олимпиада, әлем, Қысқы Универсиада чемпиондары бар. Олармен бірге министрлер, заңнамалық органдарының өкілдері, еуропалық қалалардың мэрлері жүреді. Сондай-ақ, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы да келеді.