17 Қаңтар, 2017

Балалар үйінің қызметіне қоғамдық бақылау жүргізіледі

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандағы балалар үйлері жанында алғаш рет бақылау кеңестері құрылады, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Бақылау кеңестері осы жылдың бірінші тоқсанында ашылмақ. Бақылау кеңестері балалар үйлерінің қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңестер құрамдары қоғамдық ұйымдардың, балалар құқығын қорғау қорларының, асырап алушы ата-аналар қауымдастығының, мемлекеттік басқару органдарының (оның ішінде құқық қорғау органы) өкілдерінен тұратын болады. Осылайша, қоғам балалар үйлерінің тыныс-тіршіліне етене қатысып, жағдайды бақылап, балалар құқықтарын бұзу әрекеттерінің алдын алады. Министрліктің хабарлауынша, бақылау кеңестеріне бірқатар өкілеттілік жолданады. Мысалы, кеңестерге балалар үйлерінің қызметі жайлы есептерді тыңдауға, балалар үйлерінің басшылығының іс-әрекеттерін қадағалауға, балалардың жағдайын дербес бағалап, олармен әңгімелесуге мүмкіндік беріледі. Бақылау кеңестерінің атқарған жұмыстары жайлы ақпарат Интернет-ресурстарда, оның ішінде балалар үйлері мен ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау Комитетінің ресми сайтарында жарияланады. Бір айта кетерлігі, елімізде көп жылдан бері алғаш рет жетім балалар санының төмендеуіне байланысты балалар үйі жабыла бастады. 2015 жылдан бастап 48 жетімдер үйі жабылды (жалпы саны 188-ден 140-қа дейін азайды).