17 Қаңтар, 2017

Универсиада нысандары орналасқан жолдармен жүк көліктері жүре алмайды - ІІД

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жүк көліктеріне Универсиада нысандары орналасқан жолдармен жүруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі. 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың өтуіне байланысты Ішкі істер департаменті мен Алматы қалалық әкімдігі автожүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала бағамдап, мегаполистегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларға түсіністікпен қарауға шақырды. "2017 жылдың 25 қаңтарынан бастап қалаға кіретін магистраль жолдарда және Универсиаданың спорт нысандарына жақын жатқан жолдарда жүк көліктері мен ірі габаритті көліктермен жүру шектеледі. Мегаполис шегінде орналасқан полиция бекеттерінде қазіргі уақытта түтіндеу мен зиянды ауа шығару нормасынан асып кеткен, апатты және техникалық жарамсыз көлік құралдарын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.