17 Қаңтар, 2017

Қазақстанның теміржол вокзалдарында тексеру процедурасы енгізіледі

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанның 16 теміржол вокзалдарында жолаушыларды, қол жүктерді және багаждарды тексеру жүйесі енгізіледі, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін жоғарлату және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап іске қосылады. «Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең-кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған 13 теміржол вокзалдарында 1 маусымда ұйымдастырылады. Осыған байланысты 56 тексермелеу жабдық кешені сатып алынды», -  деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ магистральдік желі дирекциясының вокзал шаруашылығы Департаментінің директоры Жұбан Көрпебаев. Бұл орайда тексерісті өтіп, пойызға кешікпеу үшін жолаушылар вокзалдарға алдын ала келулері керек.