17 Қаңтар, 2017

Қазақстан төлқұжаты Орталық Азияда алдыңғы орында

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Монреалда орналасқан Passport Index ұйымының сайтында ең «мықты» төлқұжаты бар елдердің рейтингі жарияланған. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бағалаудың негізігі өлшемдерінің бірі ретінде визасыз қанша елге баруға болатынына мән беріледі. Бірінші орынды 157 елге визасыз баруға мүмкіндік беретін Германия иеленген. Сингапур екінші орында. Азиядағы бұл елдің паспорты бар азамат ешқандай визасыз 156 мемлекетке бара алады. Екінші орынды Сингапур Швециямен бөліседі. Үшінші орында Дания, Финляндия, Франция, Испания, Швейцария, Норвегия, Ұлыбритания және АҚШ тұр. Бұл елдердің туристері ешбір кедергісіз 155 елді аралай алады. Рейтингке сүйенсек, қазақстандықтар визасыз 69 елге бара алады. Passport Index рейтингінде біздің еліміз 56-шы орынды иеленді. Бұл орынды Қазақстан Оман Корольдігі мен Ботсванамен бөліседі. Ресей паспорты - 39-шы, Беларусь - 57-ші орында тұр. Қырғызстан мен Қытай 66-шы орынды, Өзбекстан - 70, Түркіменстан - 75-ші орындарды қанағат тұтқан.