Астанада медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша заң жобасына ұсынылатын түзетулер талқыланады
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізеді.
Тыңдауға тәуелсіз сарапшылар, саяси партиялардың парламенттік және парламентке кірмейтін саяси партия өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері шақырылды.
Қоғамдық тыңдау 2017 жылғы 27 қаңтарда сағат 15.00-де Астана қаласы Бейбітшілік к-сі 49 А, Астана медициналық университетінің мәжіліс залында өтеді (1 қабат).
Қатысушыларды алдын ала тіркеу шара басталғанға дейінгі 30 минутта жүргізіледі.
Кез келген адам Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz ресми сайтында заң жобасының мәтінімен танысқа алады. Сонымен қатар, a.nugmanova@mzsr.gov.kz поштасына ұсынымдар мен шағымдар қабылданады.
Қоғамдық тыңдауды өткізу мен оған дайындық шаралары бойынша комиссияның байланыс телефондары: 74-34-49, 74-34-66, 74-28-43, 74-28-41.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі:
ДСӘДМ-нің ресми сайты – www.mzsr.gov.kz; e-mail: press_mzsr@mail.ru;
Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша – 742855;
Денсаулық сақтау саласының мәселелері бойынша – 743137, 743241 байланыс телефондарына хабарласуға болады.