18 Қаңтар, 2017

Рэймундус Паулоскас: «Волонтер болғаныма қуанамын»

373 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
РЭЙМУНДУССанаулы күндерден кейін Алматыда қысқы Универсиада жалауын көтереді. Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен ерікті болуға ниет танытқандар жетерлік. Соның біріРэймундус Паулоскас. Оның шыққан тегі литвалық болса да, 12 жылдан бері Лондонда тұрып келеді. IT саласының маманы Алматыға келуге асық екені әңгімесінен-ақ аңғарылады. Ұлыбритания халқының спорт­қа қызығушылығы жоға­ры. Кәсіби тұрғыдан бөлек, әуес­­қой деңгейде де спортпен айна­лы­­сатындар жетерлік. Соның нәти­жесі шығар, Олим­пиа­да ойын­дарында, әлем бірінші­лік­терінде британиялық атлеттер жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Алайда, Ұлыбританияның Уни­вер­сиа­дадағы нәтижесі көңіл тола­тын­дай емес екен. Мұның себебі неде? – Негізінде қысқы спорт түрлері Британияда кең таралмаған. Әйтсе де, скелетон мен керлингтен үздіктер қатарына кіреді. Мұнда қар аз болғандықтан, аталған салаға негізделген спорт кешендері жоқ. Сондықтан ағылшындар жазғы спорт түрлеріне бейімделген. Жаз­ғы Олимпиададан көп медаль жеңуі­нің себебі де осы. Ал Уни­вер­сиада басқа спорттың тасасын­да қалып кетеді. Сөйте тұра, сту­денттер жарысына іріктеу арнайы ережелерге бағынады. Кейінгі кезде Универсиадаға көп көңіл бөліне бастады. Соның нәтижесі шығар, Британия Уни­вер­сиада командасының деңгейі бірте-бірте өсіп келеді. Алматыға баратын команда бұған дейінгілер арасында саны жөнінен екінші орында тұр. Аталған жарысқа қатыса­тын британиялық студент­тер­дің көбеюі Рио мен Лондон Олим­пиа­дасының жетістігі деп ойлаймын. Британияда «Достастық ойындары» секілді халықаралық шаралар көп. Универсиада солардың қатарына кіре ме? Жалпы, елде студенттер сайысы танымал деп айтуға бола ма? – «Достастық ойындары» – Олимпиададан кейінгі ең кең тараған шара. Алайда, ағыл­шы­н­дардың Универсиададан хабары аз, тіпті ол туралы естімеген де. Бұ­қаралық ақпарат құрал­дары да аталған сайыстан сирек хабар таратады. Мен 2013 жылы Қазан­дағы жазғы Универсиадаға барған едім. Сонда атлеттер сайыс­тың керемет екенін айтып, Бри­та­нияда танымал еместігіне қын­жылыс білдірген-ді. Өйткені, елде Уни­вер­сиада туралы соның айна­ласын­да жүргендер ғана біле­ді. Алда­ғы уақытта мұндай кемші­лік­тер жо­й­ы­лып, студенттер сайы­сы бұқара­лық сипат алады деп сенемін. Sports England зерттеуіне сүйенсек, Англияда спортпен айналысатындар өте көп көрінеді. Британиялықтардың әлемдік жарыстарда олжа салып жүргенін де айттық. Мемлекет кәсіби және әуесқой спортты қалай ұштастырады? – Меніңше, Лондон Олим­пиа­дасы елдегі спорт деңгейін тез көтерді. Халықтың көзқарасы өзгеріп, Олимпиададан қалған арена­лар мемлекеттің басқа да әлем­дік шараны өткізуіне мүм­кін­­шілік берді. Мәселен, Страт­форд­тағы Олимпиада паркіндегі жүзу бассейні, хоккей аренасы және Олимпиада стадионы қайта өң­деліп, халықтың игілігіне берілді. – Британия медиасы спорт саласында сыңаржақты ақ­парат таратады деп жиі сынға ұшырайды. Мәселен, футбол, гольф сынды спорттарға мей­лін­ше басымдық бері­леді. Жалпы, мұндай сыңар­жақ­тылық спортпен айналысуға қаншалықты әсер етеді? – Расында, волейбол, гандбол, баскетбол секілді спорт түрлері Британия медиасының назарынан тыс қалады. Сол себепті аталған спорт түрлеріне аз адам қатысады деп ойлаймын. Алайда крикет, нетбол, дартс секілді спорт түр­лері «Тұманды Альбионда» кең таралған және бұқаралық болып саналады. – Универсиада жеңімпаз­дары­на қандай мөлшерде сый­ақы төленеді? – Британияда сыйлықтар мен гранттар беріледі. Алайда, ақшалай түрде және үлкен сомада емес. Ағылшындар үшін ең бастысы – жоғары нәтиже көрсету, алтын медаль жеңіп алу. Алматыдағы қысқы Уни­вер­сиадаға ерікті болуға не әсер етті? – Маған спорттық шараларға қатысып, өз үлесімді қосу өте ұнай­­­ды. Әсіресе, демалыс уа­қыт­­­тарын­да кемінде бір шараға қаты­сып оты­рамын. Биыл Алма­ты­­­дағы Универсиадаға ерікті болу­ды жоспарладым. Себебі, бұл – биылғы шаралардың ішіндегі ең үлкені. Аталған сайысқа ерікті бол­ғаныма қуанамын әрі орыс тілін жақсы білетіндіктен, осы артық­шылы­ғымды жақсы пайдалана аламын деп ойлаймын. Қазақстан туралы бұрын білетін бе едіңіз? – Әлбетте, Кеңес Одағында дү­ние­ге келгендіктен әрі біраз уа­қыт сонда тұрғандықтан, Қазақ­стан туралы талай естігенмін. Бірақ ол жақта болған емеспін. Есесі­не онда болып жатқан саяси және спорт­тық жаңалықтарды қалт жібер­мей қарап отырамын. Әсіресе, 2022 жылғы қысқы Олимпиа­даға қатысты ақпаратты үзбей бақы­ладым. Қазақстанға барғанда ең бірінші Медеуге барғым келеді. Мен әлемдік шаралар туралы зерттеп көрген едім. Жан-жақ­ты жоспар болмаса, олар елге пайда­дан гөрі зиян әкеледі. Мыса­лы, Афина Олимпиадасы Гре­кия­ға тиімсіз болды. Содан бері ұйым­дас­тырушылар мен Халықаралық Олимпиада комитеті мұндай кем­шілікті жібермеудің жолдарын қарастырып жүр. Ендеше, Қазақ­стан аталған жолмен жүріп, Уни­вер­сиаданың тиімді жақтарын қолданады деп ойлаймын. Әңгімелескен Абай Асанкелдіұлы