18 Қаңтар, 2017

Өткірлік пен өміршеңдік

893 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Gulzat KOBEK - foto -4Идея үлкен миссия көтереді. Көркем туындының түпкі айтар ойы маңызды. Табиға­тын түсіну үшін. «Алмас қылыш» фильмінің маз­мұны­нан, көркемдік сапасынан бұрын астарлы ойын оқу маңыздырақ. Өзімізді тану үшін. Болмысымызды. Мақ­саты­мызды. Мүддемізді. Өткенге тартыс тудырып қажет емес. Оның куәгерлері жоқ. Тарихи айғақ бар. Бұл біздің кең байтақ жеріміз. Шекарамыз. Еншіміз. Жеңіс әр ұлтқа да қажет. Тәуелсіздігі үшін. Тыныштығы үшін. Еркіндігі үшін. Жер мен шекара үшін мәмі­леге келу қиын. Әркім өз мүд­десі үшін күреседі. Қазақ хан­дығын құрудың түпкі мақсаты да осы еді. Тәуелсіздік үшін. Қан төгілген. Қанша ғасыр. Күрес жүрген. Жер шарында жер көп. Бірақ, пейіл тар. Осы пейіл­дер­дің соғысы саясатпен өлшенеді. Мінезсіз шешілмейді. Ақыл-парасатсыз айқындалмайды. Көрегендіксіз келешегің көрін­бейді. Көшбасшысыз көшің мақ­сатты жеріне жетпейді. Керей мен Жәнібектің күресінің жалғыз мәні де осы. Фильмде біз назар аударатын басты құндылық бар. Өте ұтымды теңеу. Дұрыс болжам. Нақты мінездеме. Рухымызға. Болмысымызға. Бұл жазушы Ілияс Есенберлиннің тақырып таңдаудағы ұтымдылығы. Біздің алмастай өткірлігіміз. Теңдессіз айбынымыз. Өліспей беріспейтін мінезіміз. Үлкеннің жолын кеспеген ізгі ниетіміз. Ағаға іні құлақ түрген, үлкенге кіші арқа сүйеген заман. Бірлігі үшін біріккен, тыныштығы үшін жұмыла күрескен. Уәде­ге берік болған. Өзіне сенген­нің сойылын соққан. Сем­серін себепсіз сермемеген. Экран­дағы тарих беттері осы қасиет­терімізді қайта еске салды. Фильм идеясының өресі жеткен көрерменге ақырын ақтаратын сыры бар. Басты кілт – алмас қылышта. Алдағы мақсатымызды еске салатын. Күшпен көп нәрсені ұстап тұру мүмкін емес. Білектің күшімен. Фильмдегі басты идея осында. Қауқарымыз басқада. Алмас қылыштай өткір мінезімізді қолданудың басқа да ұтымды жолы бар. Оның күші – білімде. Ендігі мақсат – алмас таспен көмкерілген тәж кию. Әлемдік саясаттың сахнасында. Ақыл, білім, даналықтың бар күші осы мақсатқа жұмыл­дырылса игі. Біз көреген ұлттың ұрпағымыз. Мәңгілік елге айналу басты мүддеміз. «Алмас қылыш» идеясының бар айтпағы да осында. Гүлзат КӨБЕК, кинотанушы, өнертану PhD докторы, Тұран университетінің профессоры