18 Қаңтар, 2017

Түркияның құрылыс компаниялары ОҚО-ға инвестиция салмақ

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20170117210913 Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев құрылыс саласында түрлі жобаларды іске асырған түрік компанияларының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Оңтүстік Қазақстанға инвестиция салуға ниетті «AKAY CONSTRUCTION INC» және «MESCIOGLU muhendislik ve musavirlik a.s.» компаниялары жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы саласы мен өлшеу аспаптарын өндіру және өзге де өндірістер саласында жұмыс жасайды. Жүздесу барысында тараптар қалада тұрғын үй құрылысы саласында бірлескен жобалар құруды және басқа өндірістік салаға түркиялық инвесторларды тарту жайын сөз етті.  Сонымен қатар, компания басшылары «Shymkent City» кешенінің құрылысына қызығушылық танытып отырғандарын жеткізді. Айта кетейік, MESCIOGLU компаниясы 10 жылдан бері Ыстанбұлдың автомобиль жолдары мен жол қиылыстары басқармасының жобаларын әзірлеп, көпір, өтпежол, тоннель және автомобиль жолдары жобасында инжинирингтік қызметтер көрсетіп келеді. 1985 жылы құрылған «AKAY CONSTRUCTION INC» құрылыс компаниясы  түрлі әлеуметтік нысандар мен университеттер, үлкен ойын-сауық орталықтарын және 8300 тұрғын үй кешені сынды тағы да басқа ғимараттар салған. Аталған компаниялар құрылыстың сапасы жоғары әрі салынатын әлеуметтік үйлердің бағасы төмен болатындығын айтып отыр.