18 Қаңтар, 2017

Алматының құшағы ашық

396 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Функциональные направления волонтеров (для соц. сетей)-01Алдағы күндері Алматыға Универсиаданың алғашқы делегациялары ұшып келе бас­тайды. Арнайы делегацияларды алдымен қарсы алатын орын – Алматы ха­лық­аралық әуежайы. Осыған орай Универ­сиада-2017 Дирекциясының басшылығы атлеттердің Алматы халықаралық әуе­жайына келу кестесі және оларды қарсы алу рәсімі жөнінде мәліметтер берді. «Қысқы ойындарға қаты­сатындардың шамамен 90 пайызы Алматы әуежайына тікелей халықаралық рейспен жетеді. Таяу күндері Қазақ­станның оңтүстік астана­сына 300-ден аса шетел­дік делегат ұшып келеді. Әсі­ресе, әуежайдың 26-29 қаң­тар аралығындағы кес­те­сі өте тығыз болмақ. Ал­ма­ты әуе­жайынан күтіп алы­на­тын Уни­версиада қатысу­шы­лары­ның жалпы саны – 2823. Спорт­шыларға алғаш­қы сәттен бастап бар қонақ­жа­й­лылы­ғымызды көрсету үшін жарыс­тар алдындағы соңғы апта­да біздің міндетіміз – бү­­кіл мәселелерді бүге-шүге­сіне дейін пысықтап шы­ғу бо­лып тұр», – деді «Ал­ма­ты қала­сындағы 2017 жыл­ғы 28-ші Дүниежүзілік қыс­қы Уни­вер­сиаданы дайын­дау және өткізу бойынша дирекция» МҚ басшысы Наиль Нуров. Алматы әуежайының жерүсті қызметтері Универ­сиа­да-2017 жарыстарына қаты­су үшін ұшып келетін шетел­дік және жергілікті делега­ция­ларды қарсы алу тәсіл­дерін пысықтап, жетіл­дірді. Құжаттық және кеден­дік бақылау жүйесі де ай­тар­лықтай оңтайландырылуда. Қысқы Универсиадаға қаты­су­шы­ларға арнайы жеке дәліз ұсынылады. Сондай-ақ, ұшып келу залында декларацияларды толтыру үшін үстелдер саны арттырылды. Осы телім­­дерде жұмыс істейтін қызмет­­керлердің саны да ұлғай­тылмақ. Қауіпсіздік шара­­лары іс-шараның халық­аралық мәртебесіне сәйкес ұйым­­дастырылып отыр. Уни­­вер­сиада қатысушы­лары­­ның жүгі оларға алдын-ала жіберілген арнайы жүк бир­касымен белгіле­неді. Ар­найы жүк биркасына қа­рап Универсиада қатысу­шы­ларының жүгіне бірінші кезекте қызмет көрсетіледі. Ал­маты әуежайындағы навигация жүйесі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көр­сетілген. Ұшып келу зал­дары мен жолаушылар орналасатын көпшілік ай­мақтар Универсиада-2017 ны­шандарымен безендірілді. Универсиада қонақтары мен қатысушылары өздерін жайлы сезінуі үшін Алматы әуежайында ақпараттық үстелдер қызмет жасамақ, онда жалпы көлік қызметі, келу және аттану кезіндегі тасы­малдау кестелері, рес­ми көліктің қозғалыс бағы­ты туралы ақпарат алуға болады. Ағылшын тілін еркін мең­герген ерікті­лер мен ақ­параттық үстел­дер­дің жанын­дағы көлік менед­жерлері қонақтарға Алматыға жеткен сәттен бастап жол көр­сетіп, көмектесетін болады. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ