25 Наурыз, 2011

Білім грантын алды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарында ақылы білім алып жатқан 2 мыңнан астам студентке тегін білім грантын бөл­ген екен. Әрине, гранттарды беру үшін министрлікте арнайы комиссия құ­ры­лып, оқуға деген ын­тасы мол, бо­ла­шағы зор жастар іріктеліп алын­ғаны белгілі. Нәтиже­сін­де еліміздегі 70 жоғары оқу орын­дарында ақылы білім алып жүрген 11 615 студенттің 2206-ы мемлекеттік тегін білім гран­тына лайық деп танылды. Олардың қатарында біздің облыстан да студенттер бар. Ал, жалпы, білім грант­тарының басым бөлігі агрономия, техника және спорт ма­ман­дық­тары бойынша оқып жат­қан жас­тар­ғ­а бөлініпті. Ал, бұл өндірісті өңір үшін және қазақ жастарының жаңа техни­каның тілін тауып, үйреніп, зауыт, кәсіп­орын­дарға жұмысқа келулері көп­шіліктің көкейінде жүр­ген мәсе­ле. Жуырда облыс орта­лы­ғын­дағы «Достық» үйінде тегін білім грант­тарын жеңіп алған студенттерге куә­лік тапсыру салтанаты өтті. Олардың қатарында облыс ор­талығындағы Ин­­нова­ция­лық Еуразия университеті «Көліктің эксплуа­та­циясы және та­сы­­мал­дауын ұйым­дас­тыру», педаго­ги­ка­лық институт­тың «Дене тәр­биесі және спорт», Сұлтанмахмұт То­­рай­ғыров атын­да­ғы мемлекеттік уни­верситеттің агрономия, Екібас­тұз­дағы Қаныш Сәт­баев атындағы инженерлік-тех­ни­калық институты «Көлік, көліктік техника және технология» маман­дықтары бойынша білім грантын жеңіп алған бір топ студенттер бар. Грант иегерлерінің аты­нан студенттер Сабина Сағынае­ва мен Асқар Тыныбаевтар мемлекет көр­сеткен бұл қамқорлықты ақ­тап, алдағы уа­қыт­т­а сенімнен шығатын­дарын жеткізді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.