17 Қаңтар, 2017

Өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілді

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бейнеконференция режімінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырыстың күн тәртібінде  19 мәселе қарастырылды. Талқылау қорытындысы бо­йынша қатысушы елдер Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) кедендік-тарифтік реттеу, өнеркәсіп және АӨК, энергетика, зияткерлік меншік және ақпараттандыру салаларындағы бірқатар маңызды шешімдер қабылдады. Комиссия кеңесінің отырысы ба­рысында ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттердегі ауыл шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықтар өндірісін және экспортын дамыту мәселелеріне баса көңіл бөлінді. Атал­ған мәселелерді Еура­зия­лық эко­номикалық одаққа мүше мем­­лекет­тердің Үкімет бас­шы­- лары­­ның қа­рауына енгізу жос­пар­ланған. Бұдан өзге, Еуразия даму банкінің интеграциялық әлеуетке ие кооперациялық жобаларды дамытуды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Кеңес мүшелері тиісті кооперациялық жобаларды қарау мен іріктеу үшін жұмыс тобын құру туралы өкім қабылдады. Аталған шешімдерді іске асыру ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығының жалпы өнеркәсіптік дамуына септігін тигізеді