17 Қаңтар, 2017

Бюро отырысы болды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның жаңа жылдағы алғашқы бюро отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Күн тәртібін нақтылаған депутаттар алдағы жалпы отырыста жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарауды жос­парлап отыр. Сондай-ақ, осы күні Қазақстан Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы Қазақстанда Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралады деп күтілуде. Жалпы отырыста «Стан­дарттау туралы» және оған ілеспе заң жобалары жұмысқа қа­былданатын болады. Сонымен бірге, бірқатар заң жобалары бойынша, атап айтатын болсақ, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы), Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау бо­йынша қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ. Бюро отырысында, сондай-ақ, халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы және фармацевтика саласының жай-күйі мен дамуы туралы парламенттік тыңдау өткізу туралы қаулы қабылданды.