«Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясының ұйымдастыруымен өткен байқауда экономика тақырыбына қалам тартып жүрген әріптесіміз, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі Арнұр Асқаров та жеңімпаз атанды.
Жиында конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Римма Тәжібаева байқаудың отандық өндірушілердің беделін арттыру арқылы төл нарығымызды қалыптастыру және халық арасында отандық өнімді насихаттау үшін БАҚ өкілдерінің күшін біріктіруге арналғанын атап өтті.
Оның айтуынша, байқауға 200-ге жуық журналист қатысқан. Олардың дені 18 бен 29 жас аралығындағы жастар болды. «Байқауда еліміздің жер-жерінен экономика тақырыбына қалам тартып жүрген жас журналистер бақ сынады. Пайыздық тұрғыдан алғанда, қазақ тілді ортаның, сондай-ақ блогерлер мен интернет журналистерінің белсенділігі қатты байқалды. Соның ішінде Астана мен Алматы қалалары, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан көптеген жұмыстар келіп түсті», деді ол.
Сонымен бірге, ол биылғы наурыз айында байқау жеңімпаздарының Мәскеу қаласына барып, еліміздің өнімдерін насихаттауға арналған көрменің жұмыстарымен танысатынын атап өтті. «Мәскеуге жеңімпаздардың арасынан 7 адам барады. Онда журналистер Қазақстанның павильонымен танысып қана қоймай, байқаудың басты жүлдесін табыс ету рәсіміне қатысады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»