18 Қаңтар, 2017

Мәжілістің 2017 жылғы бірінші жалпы отырысы өтуде

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
photo_33584 Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин палатаның 2017 жылдағы бірінші отырысын ашты. Ол бұл жиын осы жылдағы бірінші отырыс екенін, сапалы заңмен қамту жолында атқарылар жұмыстың көп екенін айтты. Ол биылғы бірінші отырыста депутаттардың жергілікті өзіндік басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарайтынын хабарлады. "Алдағы уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша заң жобасын қараймыз. Сондай-ақ, жол қозғалысы, ақпарат және коммуникация мәселелері, коммерциялық емес ұйымдардың қызметі сияқты маңызды заң жобаларын мұқият қарауымыз керек. Жұмыс жоспарында кодекстер бар - салық пен жер кодекстері. Заң жобаларын қарау кезінде азаматтық қоғам өкілдерімен үнемі диалог болып, жалғасын табуы керек және палата жұмысының ақпараттық ашықтығы қамтамасыз етілуі тиіс. Орталық атқарушы органдардың қызметінің түрлі аспектін парламенттік бақылауды қамтуда үкімет сағатының маңызы зор", - деді Нұрлан Нығматулин. Төменгі палатаның төрағасының айтуынша, бұл сессияның соңына дейін Мәжіліс депутаттарының алдында үкімет сағаты аясында үкіметтің 15 министрінің 11-і қазақстандық қоғамның назарындағы проблемаларға қатысты сөз сөйлейді. "Бұл бірінші кезекте ішкі және сыртқы саясат мәселелері, елдің экономикалық және әлеуметтік өмірі мәселелері. Парламенттік тыңдаулар өткізіледі, осы мәселеде ең өзекті "Қазақстан Республикасында дәрі құралдарымен қаматамсыз ету және фармацевтикалық салалардың даму жағдайы туралы" тақырыбы бойынша шешім қабылданған. Осылайша, Мәжіліс қызметінің негізгі бағыты заң шығару сапасы, барлық мемлекеттік органның заңды жүзеге асыруын бақылауды күшейту болады. Атқарылар жұмыс көп, қауырт жұмыс", - деп қорытындылады сөзін Нығматулин.