25 Наурыз, 2011

Жол полициясы халықпен жолықты

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Республиканың барлық аумағы бойынша «Жолда қабылдау» акциясын  өткізу жос­пар­лан­ған. Қызылорда облыстық жол полиция­сы­ның қызметкерлері елді мекендерді аралап, халық­тың ой-пікірін тыңдады. Акция шеңберінде мемлекеттік саясатты, Жол­дауды түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткі­зіліп, азаматтарға құқықтық және консультативтік көмек көрсетілді, жол полициясы комитетінің, «Нұр Отан» ХДП-ның, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылығымен азаматтарды қабылдаулар ұйымдастырылды. Облыстық жол полициясы  басқармасы «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып, «Қызылорда – Қарауылтөбе – Абай» бағытында «Жолда қабыл­дау» акциясын ұйымдастырды. Ержан БАЙТІЛЕС, Қызылорда облысы.