25 Наурыз, 2011

Телефон арқылы сөйлесті

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Швейцария Президенті – Сыртқы істер федералдық кеңесшісі (министр) Мишлин Кальми-Реймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сұхбат­тастар қазіргі таңда айтарлықтай оң нәтижеге ие болып отырған екіжақты қарым-қатынастың пер­с­пективалы бағыттарын тал­қы­ла­ды. Үстіміздегі жылдың көкте­мінде Сауда-эко­номикалық ынты­мақ­тастық жөніндегі үкімет­ара­лық комиссияның мәжілісін өт­кізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Онда аталған бағытты одан әрі ке­ңейту және тереңдету жөнінде нақты шаралар талқы­ланатын болады. Қ.Саудабаев сондай-ақ, сұхбат­тасын кезектен тыс президенттік сайлауға дайындық барысымен таныс­тырып, Қазақстанның алда­ғы электоралдық науқанды ха­лық­аралық стандарттарға сай өт­кізуге ниетті екенін атап көрсетті.