25 Наурыз, 2011

Әз Наурыздағы ұлттық өрнек

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шығыс халықтарының жаңа жылы Қызылжар өңірінде өз мәнінде аталып өтті. Әз Наурыз облыс орталығының барлық шағын аудандарын қамтыды. Орталық алаңда өткен мерекелік жиында облыс әкімі Серік Біләлов биыл ұлық мерекенің ұлттық нақышта өтуіне үлкен мән берілгенін атап көрсетсе, белгілі ақын-жерлесіміз Кәкімбек Салықов жырдан шашу шашты. Тойға Ресейден ағайындарымыз арнайы келді. Наурыздың көрігін ақындар айтысы қыздырды. Іріктеліп шыққан бес жұп арасынан республикалық додаларда жарқырап көзге түсіп жүрген көк­шетаулық Әлібек Серғалиев бас жүлдені жеңіп алды. Петропавлдық студент Жарқын Жұпарханға бірінші орын бұйырды. Екінші орын­дарды есілдік Жұмабек Рахымов пен Ғ.Мүсірепов ауданының намысын қорғаған Құрмет Құралхан бөлісті. Же­ңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сый­лықтар тапсырылды. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.