25 Наурыз, 2011

Қарыз бен парыз айқындалар сәт

354 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» ХДП бастамасымен құрылған «Қазақстан-2030» Жалпы­ұлт­тық демократиялық күштер коа­ли­циясының мүшелері мен президенттіктен үміткер Н.Назарбаевты қолдау жө­нін­дегі республикалық штаб өкілдері таяуда  Тараз қаласына келіп, облыс жұрт­шылығы өкілдерімен кездесу өт­кізді. Коалиция мүшелерінің құрамын­да Парламент депутаттары, белгілі әдебиет, мәдениет, өнер қайраткерлері, спорт саңлақтары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, этно­мә­дени бірлестіктердің және кәсіп­одақтар өкілдері болды.   Коалиция мүшелерін бастап келген, кандидаттың республикалық шта­бы­ның төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары  Н.Нығ­матулин елдің барлық өңірінде президенттікке кандидат Н.Назар­баевты жұртшылықтың үлкен ынта-ықыласпен қолдап отырғанын айтып, оған негіз ретінде жиырма жыл ішінде ел-жұрт қол жеткізген татулық пен табандылықты, бірлік пен берекені, әлеуметтік және экономикалық толайым табыстарды алға тартты. Президенттікке кандидат Н.На­зар­баевтың бастамасымен дүниеге келіп, жүзеге асырыла бастаған инно­ва­циялық-индустрияландыру бағдарла­ма­сы бойынша, мысалы, Жамбыл өңі­рін­де 32 жоба іске қосылып, 10 мың жұ­мыс орны ашылатын болады. Құрылы­сы қарқынды жүріп жатқан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралі облыстың 5 мыңға жуық тұрғынын ең­бекке тартқан. Жалпыұлттық демократиялық күш­тер коалициясы мүшелерінің екінші тобы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының оқытушыларымен, студенттерімен, бизнес қауымдастығы өкілдерімен, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті. «Әділет» демокра­тия­лық партиясының төрағасы М.Нәрікбаев президенттіктен үміткер Н.Назарбаевтың тәуелсіздіктің жиырма жылында қол жеткізген саяси және әлеуметтік-экономикалық табыстарда­ғы үлесі өлшеусіз екеніне тоқталып, жұртшылық өкілдерін үміткерді бірауыздан қолдауға шақырды. Парламент депутаттары Қ.Сұлтанов, Т.Қос­мамбетов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Н.Оразалин, белгілі жазушы Ә.Тарази, Корей ұлттық қауымдастығының презиенті Р.Ким, Еңбек Ері А.Миразова, еңбек сіңірген әртіс М.Құсайынов, «Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығы» республика­лық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Сәрсенбаева, «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ төрағасы Е.Біртанов, Сид­ней Олимпиадасының чемпионы Е.Ыбрайымов және басқалар да президенттіктен үміткер Н.Назарбаевқа дауыс беруге үндеді. «Қазақстан-2030» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалиция­сының мүшелері «Қазфосфат» ЖШС мен Жамбыл ауданында да осындай кездесулер өткізіп, жұртшылықты кан­дидат Н.Назарбаевты қолдауға шақырды. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.