25 Наурыз, 2011

Сайлаушылармен жүздесті

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президентікке кандидат Жам­был Ахметбековтің сенім біл­дірілген адамы, Қазақстан Ком­мунистік халықтық партиясы­ның бірінші хатшысы Владислав Косарев «Атырау су арнасы» ме­кемесінің ұжымымен кездесу өткізді. Онда ол Жамбыл Ахмет­бековтің сайлауалды бағдар­ла­масымен кеңірек таныстырып, ондағы негізгі бағыттарды баяндап берді. Сенім білдірілген адамның пікірінше, Қазақстан –демократиялы мемлекет. Сол себептен, халықтың демократия­лық таңдау жасауына ерік берілген. Алайда, алдағы сайлауда Қа­зақстан Коммунистік халық­тық партиясының өкілдері сай­лау­шылардың дұрыс таңдау жа­сай­тынына сенімді екендігін білдірді. – Біздің бағдарламамыздың басым бағыттарына тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық са­ла­сындағы қордаланған проблемалар мен жастар арасындағы жұмыс­сыз­дық мәселесі арқау болды, – деді Владислав Косарев. – Әсіресе,  орта буын мамандар жұмысқа орналаса алмайды. Бұған мемлекет тарапынан бақылау болуы қажет. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.