25 Наурыз, 2011

Елбасы қабылдады

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің баспасөз қызметі. А.Есімов Президентті мегаполистің әлеумет­тік-экономикалық даму барысы, көлік инфра­құ­ры­лымын дамыту, қаланың индустриялық жобала­рын іске асыру, таяуда болып өткен VII Қысқы Азия ойындары қарсаңында тұрғызылған Алматының спорттық инфрақұрылымын дамыту туралы хабардар етті. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкіміне бірқатар тапсырма берді. *  *  * Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы ре­зиденциясында Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовті қа­был­­дады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің баспасөз қызметі. С.Үмбетов Президентке өңірдің әлеуметтік-эко­но­микалық даму барысы туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жол­дау­ында берген әлеуметтік жаңғырту және облыстың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру жө­нін­дегі тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.