26 Наурыз, 2011

Тарбағатайдағы қос қуаныш

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дәл осы уақытта өткен жылы Тарбағатай ауданының бірнеше елді мекенін су шайып, табиғат апаты 500-ге тарта тұрғын үйді, әлеу­меттік ғимараттарды қиратып кеткен еді. Арада бір жыл өте шықты. Енді, міне, Тарбағатай ауданының тұрғын­дары Наурыз мерекесін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге қарсы алды. Өңір басшысы Жәнтекей ауы­лын­дағы жаңадан бой көтерген 180 орын­дық мектептің тұсауын кесті. Ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесімен құт­тықтаған соң мектепке теледидар мен лингофон кабинетіне арналған жаб­дықтарды тапсырды. Тарбағат­ай­лық­тар сын сәтте жанашырлық таныт­қан билікке алғыстарын жаудырды. Сол күні өңір басшысы Ақсуат ауылында жаңа орталық ауру­ха­на­ның салтанатты ашылуына қатыс­ты. Бұ­рынғы аудан орталығы Ақ­жар ауы­лын­да туберкулезге қарсы 50 орын­дық аурухана құрылысы да аяқталып, облыс әкімі оны қабыл­дап алды. Аман­шылық болса, төр­тін­ші тоқсан­нан бастап, тасқын судан ең көп зардап шеккен Көк­жы­ра ауы­лын­дағы 600 орындық зәулім мектепте оқу­шы­лар білім нәрімен сусындамақ. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.