Парламент Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған спорттық жарыстар ұйымдастырды. Депутаттар мен парламенттік қызметшілердің қатысуымен үстел теннисі, бильярд, шахмат және шағын футбол түрлері бойынша жарыстар болып өтті.
Шахматтан өткен жарыста Сәт Тоқпақбаев бірінші орынды жеңіп алды. Ал депутат Валерий Вишниченко екінші орынға ие болды.
Шағын футболдан өткен тартысты жарыста Мәжіліс командасы бірінші орынды жеңіп алды. Сенат командасы екінші, Парламенттің Шаруашылық басқармасының ойыншылары үшінші орынға ие болды.
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин мен Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Бобров құттықтау сөз сөйлеп, жарыс жеңімпаздарына жүлделер табыс етті.
Жеңімпаз бен жүлдегер командалар жарыс кубогы мен диплом және бағалы сыйлықтарға ие болды.
«Егемен-ақпарат».