26 Наурыз, 2011

Қоғамдық қабылдаудың артықшылықтары көп

656 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Сайлау науқанының аясында партияның XIII съезінде Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат етіп ұсынылған Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық қабылдау бөлмелері құрылған болатын. Бұл күндері республикамызда кандидаттың 222 облыстық, ау­дан­дық, қалалық және бір рес­публикалық қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс атқаруда. Қо­ғам­дық қабылдау бөлмелерінің не­гізгі міндеттері президенттік сай­лауда Н.Ә.Назарбаевтың кан­дидатурасын қолдау, сайлау науқанын сайлау заңнамасына сәйкес ашық та әділ өткізу, барлық санаттағы сайлау­шылардың дауыс беруге жаппай қатысуын қамтамасыз ету, со­ны­мен қатар, сайлаушылардан келіп түскен аманаттарды, ұсыныстар­ды, тілектер мен өтініштерді жинау, талдау және мониторинг жүр­гізу, азаматтарды қабылдау және сайлаушылармен кездесуді ұйым­дастыру болып табылады. Кандидаттың қоғамдық қа­был­дау бөлмелері күн сайын дүй­сенбіден сенбіге дейін сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Үш аптаның ішінде канди­дат­тың қоғамдық қабылдау бөлме­ле­ріне 36 000-нан аса сайлаушы келді. Оның ішінде: 799 аманат, 978 ұсыныс, 1032 тілек болды. Көптеген аманаттарда канди­дат­қа зор денсаулық, ұзақ өмір, ал­дағы болатын сайлауда табыс тіленеді және оның канди­да­ту­расын қолдайтындары айтылады. Қоғамдық қабылдау бөлмелері сайлау науқаны аясында 28 000-нан аса сайлаушыға сайлау заң­намасы мен дауыс беру туралы тү­сініктемелер берді. Сонымен қа­тар, үгіт-насихат жұмыстарына ақысыз кірісуге дайын екендіктерін және сайлау науқанына қаты­су ниеттері бар екенін білдірген 3617 ұсыныс түсті, оның ішінде: 1848 адам кандидаттың үгіт-на­сихат жұмыстарын жүргізу бой­ын­ша көмек көрсетуге, ал 791 адам үлестірме материалдарын таратуға дайын екендіктерін айтады. Есеп беру кезеңінде канди­дат­тың қоғамдық қабылдау бөлме­ле­ріне 1688 өтініш түсті. Респуб­ли­калық желілік кестеге сәйкес Ақмола облысында және Астана қаласында сайлаушыларды бір­ың­ғай қабылдау күні ұйым­дас­тырылды және өткізілді, оның ба­рысында 364 сайлаушының өті­ніш­тері қабылданды және қаралды. Қоғамдық қабылдау бөлме­ле­рінде кандидаттың сенім білдірілген адамдары азаматтарды қабыл­дау жүргізуде. Мәселен, Парламент Мәжілісінің депутаты А.­С.Со­ловьева Республикалық қо­ғам­дық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізсе, Парламент Сенатының депутаттары Қ.Сұлтанов, А.Башмаков пен Парламент Мәжілісінің депутаттары Б.Тілеухан, В.Нехорошев, С.Есілов және Б.Смайы­лов азаматтарды жеке мәселелері бойынша Ақтөбе, Шығыс Қа­зақ­стан, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласында қабылдады. Қабылдаулар барысында көп­те­ген сайлаушыларға нақты кө­мектер көрсетілді, проблема­лар­ды шешу бойынша нақты нәти­же­лерге қол жеткізілді, дау-жанжалдар реттелді. Осының өзі сай­лау­дың нә­ти­жесі ойдағыдай болатынына сендіреді және билік органдары мен пар­­тияға көзқарастың жақсаруы­на оң ықпал етеді деп ой түюге негіз береді. «Егемен-ақпарат».