26 Наурыз, 2011

Ақылдың сәулесімен шырай шашып...

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Келешек көкжиегін кең көретін, Құлпыртып өзінше бір өң беретін. Ақылдың сәулесімен шырай шашып, Саясаттың сан сырын меңгеретін. Небір терең ойлардың кілтін тауып, Жақсы істерді бастайтын, дем беретін. Қиындықтың құз, қия жолдарымен, Ғасыр жүгін қайыспай өңгеретін. Нұрсұлтанға ешкім жоқ тең келетін! Ақиқатқа ақ қарап көріңіздер, Ойнамалы түрлі ойдан безіңіздер! Өкінішке өз елін қалдырмайды, Сеніңіздер, Нұрекеңе, сеніңіздер! Сайлау күні адал жүрек, ақ ниетпен, Бәріңіз түгел дауыс беріңіздер! Ынтымақ пен бірлікке дақ түсірмей, Бейбіт күн берекесін көріңіздер! Адамды көгертетін – адал еңбек, Аққан тердің жемісін теріңіздер! Жақсы істі жаман деуге ұялмайтын, Көрместер көзіне құм себіңіздер!.. Сеніңіздер, Нұрекеңе, сеніңіздер! Әлнұр МЕЙІРБЕКҰЛЫ, Ұлы Отан соғысының ардагері, Райымбек ауданының құрметті азаматы. Алматы облысы, Нарынқол ауылы.