Тіпті сонау КСРО заманында осында емдеу санаторийін де салмақ болған екен деген әңгіме бар. Тек суда емдік бір компонент жетпей қалады да, емдеу орны салынбай қалыпты. Бәрібір жергілікті тұрғындар оны ем ретінде көп уақыт пайдаланып жүрді. Бұрынырақта, су құбырмен келмейтін кезде маңындағылар осы бұлақтан су да ішкен. Пайдаланып қана қоймай, бұл су көзін сақтап қалу үшін олар шын мәнінде күресіп те келеді екен. Талай рет құрылыс, жол салған кезде, ол үй астында, жол астында қалу қаупі туғанда, тұрғындар өре тұрып, қарсылық білдіріпті. Құрылысшылар көпшіліктің өтінішіне құлақ асып, бұлақты айналып өткен көрінеді.
Қалай болғанда да, нақты біреу ие болмағандықтан, бұлақтың күйі кете бастаған. Бейсауат адамдар одан су ішіп қана қоймай, басында дем алып, қоқыстар тастап, әбден ыбырсытқаннан кейін, оған жұрт назар аударуды да қойыпты. Осы жайды көрген президенттікке кандидат, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов бұлақ басына өзі келіп, оны қоқыстан тазартуды өзі бастап қолға алды.
– Біз су қадірін білмейміз, бұл адамдарды шөлге апарып, сонда біраз ұстар ма еді! – деп кейіді эколог. – Әйтпесе, осындай кәусар бұлаққа қолы барып қайтіп қоқыс тастайды екен.
Президенттіктен үміткер жиналған жұртқа бұл бұлақтың тағдырымен енді өзі айналысатынын мәлімдеді. Бұған дейін оның әлі де салынып жатқан жол астында қалу қаупі бар еді. Оған жол бермейміз, деді эколог.
Тұрғындармен кездескенде, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы бұл бұлақты тазалау үлкен істің басы болатынын айтты. Қолға алынған жоба бойынша, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жүздеген бұлақтың көзі ашылып, олар тұрғындардың игілігіне айналмақ көрінеді. Оған қажетті қаражат көздері де табылғанға ұқсайды. «Қазақмыс» корпорациясы көмек беретінін мәлімдеп үлгеріпті.
Бұлақ көзін ашу, оны қамқорлыққа алу жеке бір адамдардың, тіпті ол президенттіктен үміткер болса да, ісі емес, көпшілік халық болып қолға алатын-ақ іс. Бұл жерде бас экологымыз Мэлс Хамзаұлының өнегесі сол халыққа үлкен қозғау салатын шығар деп ойлаймыз.
Мамадияр ЖАҚЫП, Алматы.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше