31 Наурыз, 2011

Жоғары әзірлікпен келіп отыр

380 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Бірер күннен соң 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған президенттік сайлау өтеді. Саяси науқанға еліміздегі сайлау учаскелерінің дайындығы қандай? Осыған байла­ныс­ты біз Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Т.В.ОХ­ЛОП­КОВАҒА бірнеше сұрақ қойған едік. – Татьяна Витальевна, Ор­та­лық сайлау комиссиясы 28 наурызда Қазақстан Респуб­ли­касының кезектен тыс президенттік сайлауына шетелдік байқаушылар мен халық­ара­лық ұйымдардың байқау­шы­ларын аккредиттеуді аяқтады. Алдымен осыған тоқталып өтсеңіз. – Өзіңіз айтқандай, Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауға қысқа және ұзақ мерзімге келген бай­қау­шылардың барлығын аккредиттеуді аяқтады. Олар елі­міздің Сыртқы істер министр­лігінің ұсынымы бойынша тіркелді. Сайлауды жалпы саны 1059 байқаушы бақылайтын бо­лады. Кезектен тыс президенттік сайлауды байқаушылармен қа­тар, Сыртқы істер министрлігінде тіркелген шетелдік БАҚ өкілдері де бақылай алады. Бү­гінде Сыртқы істер министрлігінде уақытша және тұрақты тіркелген шетелдік БАҚ-тар өкіл­дерінің саны 212-ге жетті. Осы жерде атап өтейін, Орталық сайлау комиссиясы шетелдік және халықаралық БАҚ өкілдерін тіркеуді аяқтады. Ал Сыртқы істер министрлігі БАҚ өкілдерін сайлау өтетін күнге дейін, тіпті сол күні де тіркей береді. Еліміздегі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкіл­дері, президенттікке канди­даттардың сенім білдірілген адам­дары және БАҚ өкілдері де сайлауға байқаушы ретінде қа­тыса алады. Ол үшін қазақ­стан­дық байқаушыларда өзі өкілдік ететін ұйымның куәлігі болуы тиіс. Куәлікте азаматтың сай­лау­ды бақылауға құқығы бар екендігі және оның аты-жөні көрсе­ті­леді. Сонымен бірге, құжатты берген ұйымның мөрі мен сол ұйым жетекшісінің қолы болуы керек. Ал сайлауды бақылайтын БАҚ өкілінің редакция берген қызмет­тік куәлігі және бұл редакцияның тапсырмасы екендігін растайтын тиісті хаты болса жеткілікті. – Сайлау учаскелерінің дау­ыс беруге дайындығы талап деңгейінде ме? – Еліміз бойынша 9725 учаскелік сайлау комиссиясы құрыл­ды. Олардың әрқайсысының жетіден мүшесі бар. Қазір учаскелік сайлау комиссиялары сай­лау­шылардың тізімдерін нақты­лау жұмыстарымен айналысуда. Әрбір сайлаушы өзінің тұрақты тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына келіп, сайлаушылар тізімінде бар немесе жоқ екендігін тексере алады. Егер сайлаушы 3 сәуір күні өзі тіркелген жерінде дауыс бере алмайтын болса, учаскелік сайлау комиссиясынан уақытша есептен шығару куәлігін алуына болады. Куәлік 2 сәуірге дейін беріледі. Осы куәлік арқылы оның еліміздің кез келген өңі­ріндегі сайлау учаскесінде дауыс беруге мүмкіндігі бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен еліміздегі 9 миллионнан астам сайлаушыға өздері­нің азаматтық белсенділіктерін та­нытып, сайлаушылар тізімімен алдын ала танысқандары жөн дер едім. Сонымен қатар, сай­лаушылардың барлығын 3 сәуірде сайлау учаскелеріне келіп, өздері таңдаған кандидатқа дауыс берулерін өтінгім келеді. – Бұрынғыға қарағанда Астана мен Алматы қалала­рын­дағы сайлау учаскелерінің қа­та­ры да көбейе түскен шығар. – Астана мен Алматы – елі­міздің басты қалалары. Сон­дық­тан да бұл қалалардағы көші-қон көрсеткіштері жиі өзгеріп оты­ра­ды. Аталған қалалардағы учас­келік сайлау комиссиялары­ның саны да бұрынғыға қара­ғанда өсе түсті. Жалпы, сайлау учаскелері саяси науқан – президенттік сайлауға толық дайын. – Сайлауалды үгіт жұмыс­тарына байланысты түскен арыз-шағымдар бар ма? – Қазіргі кезде азаматтардан 300-ден астам арыз-шағым түсті. Тек Астананың бір өзінен 160 шағым түсті. Олардың басым көпшілігі Орталық сайлау ко­миссиясының құзырына мүлдем жатпайтын мәселелерден тұра­ды. Шағымданушылар арасында үлескерлер де бар. Біз олардың проблемаларын түсінеміз. Бірақ бұл ОСК-нің құзырындағы мә­селе емес. Сол себепті шағым­данушыларға тек түсіндіру жұмыстарын жүргізумен ғана шектелуге мәжбүрміз. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.